Ж а у а п к е р ш і л і к т і   ш е к т е у   ж ө н і н д е г і   м ә л і м д е м е  

Осы сайтты пайдалана отырып, сіз көрсетілген барлық шарттармен келісетініңізді растайсыз:

GRATA International сайтындағы ақпарат тек ақпарат беру сипатына ие және нақты мәселе бойынша заң кеңесі ретінде қарастырыла алмайды. Сіз бұл ақпаратты біздің заңгерлердің алдын-ала кеңесінсіз және түсіндірмесінсіз шешім қабылдауға негіз ретінде пайдаланбауыңыз керек. Ондай жағдайда біз сайтымыздағы ақпарат негізінде қабылданған немесе қабылданбаған әрекеттер үшін кез келген жауапкершіліктен бас тартамыз. Заңгерлік кеңес алу үшін бізге +7 (775) 030 00 09 телефоны арқылы немесе сайттағы нысан арқылы хабарласыңыз.

Жеке немесе құпия сипаттағы кез- келген ақпарат сізге кеңес беру қызметтерін көрсету туралы ресми келісім-хат жолданғаннан кейін ғана жіберілетін болады. Олай болмаған жағдайда, ол құпия болып саналмайды, яғни сот ісі талқыланған жағдайда ақпарат сотта ашық қаралуы мүмкін. Толығырақ біздің Құпиялылық саясатымызда.

Осы сайтты қараушылар үшін қосымша ақпарат көздері ретінде келтірілген кез-келген сілтемелер GRATA International мақұлдаған немесе қолдаған немесе қандай да бір өзге түрде онымен байланысты деп қарастырылмауы тиіс, немесе мұндай сілтемелер GRATA International зияткерлік меншігіне жатады немесе жатпайды деген қорытындыға әкелмеуі тиіс.

Авторлық құқық туралы хабарлама

Сайт беттеріне қатысты авторлық құқықтар (барлық материалдар, мақалалар, графикалар және тиісті немесе байланысты компьютерлік кодтар), сондай-ақ барлық басқа зияткерлік меншік объектілері GRATA International-ға тиесілі және біздің жазбаша рұқсатымызсыз көшіруге, қайта басып шығаруға, таратуға немесе көрсетуге болмайды. Біздің сайттағы авторлық құқықпен қорғалған деректерді кез-келген рұқсатсыз пайдалану жағдайы заңмен қудаланатын болады.

Сайттың бір немесе бірнеше бетін жүктеуге және уақытша сақтауға рұқсат оларды жеке дербес компьютерде қарау мақсатында ғана беріледі.   Сайттың кез-келген бетін (немесе оның кез-келген бөлігін) үнемі  көшіруге немесе сақтауға жол берілмейді. GRATA International сілтемелері біздің сайтта көрсетілген веб-сайттардағы материалдар үшін ешқандай жауапкершілік көтермейді.