19.12.2023

GRATA International заң фирмасы алаяқтық туралы ескертеді

Қазіргі уақытта белгісіз адамдар өздерін GRATA International фирмасының қызметкерлері ретінде таныстыра отырып, жеке тұлғаларға әртүрлі алаяқтық схемаларға салынған ақша қаражаттары мен мүліктерді және кез келген қарыздарды қайтару бойынша заңгерлік қызметтерді ұсынуда. Алаяқтар заңгерлік қызмет көрсету туралы шартқа қол қоюды және қызметтер үшін алдын ала төлем жасауды ұсынады. Сізден осындай келісімдерге қол қоймаыңызды және ақша аудармауыңызды сұраймыз!

Қаскүнемдер YouTube және әлеуметтік желілердегі жалған жарнамалар, сондай-ақ арнайы жасалған grata.website алаяқтық сайты арқылы әрекет етіп және GRATA International ресми сайтынан дизайн элементтерін, мәтінді және кескіндерді заңсыз көшіріп, жеке тұлғаларды адастыруда.

Осымен GRATA International заң фирмасы және оның барлық кеңселері осы grata.website сайтына қатысы жоқ екенін, сондай-ақ жеке тұлғаларға жоғарыда аталған қызметтерді ұсынбайтынын хабарлаймыз.

Егер сізде қандай да бір алаңдаушылық болса немесе қандай да бір күдікті әрекетке тап болсаңыз, құқық қорғау органдарына хабарласуыңызды сұраймыз!

GRATA International заң фирмасының ресми сайтында - gratanet.com фирманың қызметтері туралы нақты ақпаратты, сондай-ақ байланыс деректері мен телефон нөмірлерін таба аласыз.

Әрқашан соңғы ақпаратты алу үшін жаңалықтар таратылымымызға жазылыңыз.: