Концессия: 15 жылда жалғыз жоба
Концессия – түбірі көну дегенді білдіретін латын сөзі. Мемлекеттің кейбір міндеттемелерін жекеменшік ортаға орындауға беруге келісуі, жол беруі дегенді меңзейді. Ал мақсаты – жеке инвестордың қаржысының есебінен мемлекеттік бюджетке түсетін салмақты азайту. Яғни, инвестиция тартудың бір тетігі, мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің (МЖӘ) бір түрі. Негізі, ауқымы одан кең болса да, Қазақстанда бұл механизм балабақша, мектеп сияқты әлеуметтік нысандарды салуға пайдаланып жүр. Осы есеппен алғанда елімізде МЖӘ бойынша бүгінге дейін 1 366 жоба қолға алынған. Оның 860-ымен шарт жасалған болса, 282-сі бойынша конкурс өтуде, 38-інің келісімшарты бұзылған. Тартылған және жоспарланған инвестициялардың жалпы сомасы – 1 182,6 миллиард теңге. Ендеше біз концессия мүмкіндігін толық пайдаланып отырмыз ба? Биыл 2 қаңтардан бастап «Концессия туралы» заңға кезекті өзгерістер күшіне енді. Ол экономикаға не бермек?
«Әлемде ең қалың инвестициялық портфельдің бірі саналатын концессия механизмі Қазақстанда аса тартымды емес. Өйткені ол сәйкес заңнамамен тым қатты реттеледі, әрі жобаны жүзеге асыруда бюрократия күшті және келіссөздер мен мақұлдаудың өзі өте ұзақ уақыт алады. Осы реттен келгенде, бұл заң көп өзгерді. Мұндағы қатынастар баяу дамып келеді. Концедент мәселесі де осы санаттан. Өйткені Үкімет пен әкімдік азаматтық құқық субъектісі ретінде ешқандай да кепіл бола алмайды. Олардың балансында кепілге тұрарлық мүлкі мен бюджеті жоқ. Сондықтан келісім Қазақстанмен әлде облыспен (мегаполиспен) жасалады. Ал олардың атынан Үкімет немесе әкімдік өкілдік етеді. Бұл инвесторлардың талабы болатын», – дейді адвокат Шаймерден Чиканаев.
Толығырақ веб-сайттан →