Бірінші дәрежелі командаға қосылыңыз.
Бірінші дәрежелі командаға қосылыңыз.
Бірінші дәрежелі командаға қосылыңыз.

Заңгерлер - GRATA International компаниясының жалғыз құнды активі емес. Біз әкімшілік командамызды - қызығушылығы жоғары және еңбекқор мамандар командасын жоғары бағалаймыз. Кәсіби мамандар маркетинг, кадрлар, бухгалтерлік есеп және биллинг саласындағы заңгерлерге қолдау көрсетеді.

Біздің клиенттерге талантты және тәжірибелі мамандарды біріктіретін команда қызмет көрсетеді. Біз бірге клиенттің көңілінің кілтін табамыз, клиенттің ризашылығына қол жеткізуге және және оның күткен нәтижесінен жоғары түрде асып түсуге тырысамыз. GRATA International мамандары Фирма ішінде де, клиенттеріміз үшін де сапалы қызметтер мен нақты шешімдер ұсынуға тастүйін әзір.

Біз Фирманың тұрақты өсуіне ықпал ету үшін ортақ мақсатпен әр түрлі елдер мен мәдениетке жататын әріптестермен және клиенттермен жұмыс істеуге ынталы үміткерлерді іздейміз.

Әкімшілік персонал

Біз бүкіл әлем бойынша біздің кеңселерімізбен халықаралық деңгейде жұмыс істеуге мүдделі мамандарды іздейміз.

Әкімшілік персоналға кадрлар бөлімі, кеңселік әкімшілендіру жөніндегі мамандар, биллинг, маркетинг, бухгалтерлік есеп, IT және веб-әзірлеу бөлімдері кіреді. Әр бөлім түрлі елдердегі кеңселерімізде көптеген қызметтерді ұсынады.

GRATA International кәсіби дамуына, білім басқаруына септігін тигізе және жанға жайлы корпоративтік мәдениетті қамтамасыз ете отырып, дарынды және тәжірибелі мамандарға қолдау көрсетеді.

Біз жаңашыл және креативті тәсілдемелерді ұстанатын әкімшілік командамыз үшін өз саласында мықты және бастамашыл мамандарды іздейміз. Біздің команданың мүшесі бола отырып, сіз өз салаңыздың үздіктерімен жұмыс жасайсыз, олардың шешім қабылдауына көмектесесіз.

Сізді мына департаменттердің қызметкері ретінде халықаралық командамыздың бір бөлігі болуға қуана шақырамыз:

  • Адам ресурстары
  • Биллинг
  • Кеңселік әкімшілендіру
  • Маркетинг
  • Бухгалтерия
  • IT және веб-әзірлеу

Біз өзіміздің құнды және инновациялық идеяларымызды енгізуге дайын және үнемі жетілдіруге ұмтылатын үміткерлерді іздейміз.

Көпқырлылық
Біз адамдардың жан-жақтылығын бағалаймыз, дарынды және ерекше тұлғалардың өсуі үшін қолайлы корпоративтік мәдениетті дамытуға ұмтыламыз.
Мүмкіндіктер беру
Біз өз командамызға бастама көтеруге мүмкіндік береміз және GRATA International –дың жұмыс процесінде шығармашылық және инновациялық тәсілдеме жасауға көмектесеміз.
Корпоративтік мәдениет
Корпоративтік мәдениет командалық жұмысты дамытуға, талант пен шеберлікті арттыруға бағытталған. Біздің бірегей әкімшілік командамыз ұйымшылдықпен жұмыс істейді және біздің клиенттеріміз үшін сервистің ең жақсысын көрсететініне сенімді болыңыз.
Maira, Business Development Manager
Maira, Business Development Manager
Work for GRATA International opens an avenue for my professional growth and skills improvement. This work provides a unique opportunity to collaborate with professionals and gain invaluable experience in various fields.
The company pays great attention to the comfort of employees. The office is located in a picturesque foothill area with fresh mountain air. I am glad to be part of the GRATA International.
Біздің командаға қосылыңыз.