Қ ұ п и я л ы л ы қ   с а я с а т ы  

GRATA International сіздің дербес деректеріңіздің құпиялылығы мен қауіпсіздігін қорғайды, өйткені сіздің сеніміңіз біз үшін ең жоғары құндылық болып табылады.

GRATA International сізден алатын ақпаратты қорғауды қамтамасыз етудің озық әдістерін қолданады. Сізге Құпиялылық саясатымен және Сookie файлдарын пайдалану саясатымен танысуды ұсынамыз, онда сіз дербес деректердің қалай жиналып, өңделіп, сақталып, берілетінін және жойылатынын білесіз.

Құпиялылық саясаты

  • Құпиялылық саясатының мақсаты мен арналымы
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясатында қолданылатын терминдер
  • Дербес деректер тізбесі
  • Дербес деректерді жинау көздері
  • Дербес деректерді жинау мен өңдеу мақсаттары
  • Дербес деректерді жинау
  • Дербес деректерді субъектінің келісімінсіз жинау және өңдеу
  • Дербес деректерді беру
  • Дербес деректерді трансшекаралық беру
  • Дербес деректерді сақтау
  • Кәмелетке толмағандардың дербес деректерін қорғау саясаты
  • Маркетинг
  • Дербес деректер субъектісінің құқықтары
  • Басқа веб-сайттардың құпиялылық саясаты
  • Кері байланыс
  • Құпиялылық саясатына өзгерістер енгізу

Cookie файлдарын пайдалану саясаты

  • Cookie файлдарын пайдалану саясатының мақсаты мен арналымы
  • Cookie файлдары
  • Cookie файлдарын пайдалану мақсаты
  • Cookie файлдарының түрлері
  • Cookie файлдарын басқару
  • Google Analytics
  • Кері байланыс
  • Cookie файлдарын пайдалану саясатына өзгерістер енгізу

 Құпиялылық саясаты

 Құпиялылық саясатының мақсаты мен арналымы

Осы Құпиялылық саясаты GRATA International компаниясының www.gratanet.com веб-сайтында жиналатын және өңделетін дербес деректермен жұмыс істеу тәсілдемесін түсіндіру мақсатында әзірленген.

Осы Құпиялылық саясаты www.gratanet.com веб-сайтымен өзара іс-қимылдың кез-келген нысандарын жүзеге асыру кезінде сізге дұрыс және негізделген шешімдер қабылдауға көмектесуге арналған.

Біздің веб-сайттың барлық мүмкіндіктері мен функцияларын толығымен пайдалану үшін Құпиялылық саясатымен танысып шығуға уақыт бөлуіңізді сұраймыз.

 Құпиялылық саясатында қолданылатын терминдер

Құпиялылық саясатында келесі терминдер пайдаланылады:

"GRATA International қауымдастығы" - GRATA International немесе GRATA бірыңғай брендімен заң қызметтерін көрсететін, әлемнің түкпір-түкпіріндегі тәуелсіз заң фирмаларының ғаламдық желісі;

"Компания" - GRATA International Қатысушысымен өзара әрекетті жүзеге асыратын жеке кәсіпкер, заңды тұлға, мемлекет немесе  мемлекеттік орган, оның ішінде Қатысушының қызметтерін алатын немесе оған қызметтер көрсететін клиент;

"Бақылаушы" - бұл дербес деректерді өңдеудің мақсаттары мен тәсілдерін өз бетінше немесе басқалармен бірлесіп анықтайтын жеке немесе заңды тұлға, көпшілік мекеме, агенттік немесе басқа құрылым;

"Дербес деректерді өңдеу" – дербес деректерді жинақтауға, жазуға, жүйелеуге, құрылымдауға, сақтауға, өзгертуге, толықтыруға, пайдалануға, зерделеуге, таратуға және өзге түрде беруге, иесіздендіруге, қалпына келтіруге, топтастыруға немесе құрамдастыруға, бұғаттауға және жоюға бағытталған іс-әрекеттер;

"Дербес деректер" - мәліметтер негізінде айқындалған немесе айқындалатын дербес деректер субъектісіне қатысты, электрондық, қағаз және (немесе) өзге де материалдық жеткізгіште тiркелген мәліметтер. Дербес деректерге, атап айтқанда: дербес деректер субъектісінің аты, оның сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты немесе орналасқан жері туралы ақпарат, онлайн-сәйкестендіргіш, электрондық мекенжай, ұялы телефонды қоса алғанда, телефон нөмірі, мекенжайы және басқа да деректер жатады;

"Қолданылатын құқық" - дербес деректерді жинау және/немесе өңдеу жүзеге асырылатын мемлекеттің аумағында қолданылуға жататын құқық;

"Процессор" - бұл жеке немесе заңды тұлға, мемлекеттік орган, агенттік немесе бақылаушы атынан дербес деректерді өңдейтін басқа орган;

"Дербес деректерді жинау – дербес деректерді алуға бағытталған іс-әрекеттер;

"Субъект" - дербес деректер тиесілі жеке тұлға;

"Компаниямен байланысты субъект" – компанияның құрылтайшысы (қатысушысы), оның қызметкері, азаматтық-құқықтық шарт негізінде компанияға қызмет көрсететін тұлға, сондай-ақ компаниямен өзара іс-қимылды жүзеге асырған, жүзеге асыратын немесе жүзеге асыра алатын өзге тұлға болып табылатын жеке тұлға;

"Қатысушы" - өз юрисдикциясының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "GRATA International" немесе "GRATA" брендімен қызмет көрсететін тәуелсіз заң фирмасы.

 Біз туралы

GRATA International қауымдастығы - бұл GRATA International немесе GRATA бірыңғай брендімен заң қызметтерін көрсететін, бүкіл әлемнің түкпір-түкпіріндегі тәуелсіз заң фирмаларының ғаламдық желісі. Қауымдастық 2018 жылғы 23 наурызда Швейцарияның Цуг қаласында құрылған және "Swiss Verein" моделі бойынша жұмыс істейді. Қауымдастықтың барлық Қатысушылары қауымдастырылған немесе біріктірілген кеңсе мәртебесімен жұмыс істейді.

GRATA International www.gratanet.com веб-сайтында жиналатын және өңделетін барлық дербес деректердің жалғыз Бақылаушысы болып табылады. GRATA International осы саясатқа, тиісті келісімдерге және Қолданылатын құқыққа сәйкес GRATA International атынан дербес деректерді жинауды, өңдеуді және қорғауды қамтамасыз ететін Процессорлармен жұмыс істейді.

Қауымдастықтың барлық Қатысушылары мен олардың юрисдикциялары туралы толық ақпаратты www.gratanet.com веб-сайтынан табуға болады.

GRATA International жинайтын дербес деректер тізбесі

GRATA International келесі санаттағы дербес деректерді жинау және өңдеуді жүзеге асырады.

Негізгі деректер: тегі; аты; әкесінің аты (бар болса); туған күні мен туған жері; телефон нөмірі; электрондық пошта мекенжайы; тұратын елі мен қаласы.

Маркетинг деректері: сұрау және жазылым деректері; тегі; аты; электрондық пошта мекенжайы; компания атауы; юрисдикция деректері; таңдалған тіл және экономика секторы.

Жұмыс іздеуші туралы деректер: тегі; аты; әкесінің аты (бар болса); телефон нөмірі; электрондық пошта мекенжайы; тұратын елі мен қаласы; жұмыс тәжірибесі; білімі; жұмыс іздеушінің қосымша материалдары.

Құрылғы деректері: IP мекенжайы; құрылғының бірегей сәйкестендіргіші (UDID); cookie файлдары; орналасқан орны туралы деректер; веб-сайтты пайдалану туралы деректер; құрылғыға қатысты басқа да деректер.

Әлеуетті Қатысушылардың деректері: фирманың атауы; байланыстағы тұлғаның деректері; лауазымы; телефон нөмірі; электрондық пошта мекенжайы; орналасқан жері; әлеуетті Қатысушы сайтының мекенжайы; Қатысушының қосымша материалдары.

GRATA International дербес деректердің келесідей арнаулы санаттарын жинауды және өңдеуді жүзеге асырмайды: нәсілдік және этностық тиесілілігі; саяси көзқарастар; діни және философиялық сенімдер; кәсіподақтарға мүшелік; генетикалық және биометриялық деректер; денсаулық, жыныстық өмір немесе сексуалдық бағдар туралы деректер.

Дербес деректерді жинау көздері

GRATA International дербес деректерді жинауды келесі көздерден жүзеге асыра алады:

өз дербес деректерін ұсынатын субъектілерден GRATA International веб-сайтымен (www.gratanet.com) өзара іс-қимылдың кез-келген нысандарын жүзеге асыру кезінде, соның ішінде жаңалық таратылымына жазылу, кері байланыс нысандарын толтыру, командаға немесе GRATA International қауымдастығына қосылу туралы сұрауларды жіберу кезінде;

cookie файлдарын және ақпаратты жинау мен қадағалаудың басқа технологияларын пайдалану нәтижесінде;

жалпыға қолжетімді көздерден;

қолданылатын құқықта көзделген тәртіппен және шарттарда мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алу.

Дербес деректерді жинау мен өңдеу мақсаттары

GRATA International дербес деректерді жинау мен өңдеуді келесі мақсаттарда жүзеге асырады:

Субъектілерге қатысы бар Компанияға Қатысушының қызметтері және оларды көрсету шарттары туралы ақпарат беру, оның ішінде GRATA International қатысуымен ұйымдастырылатын семинарларға және өзге де іс-шараларға коммерциялық ұсыныстар, шақырулар жіберу;

Субъектілерге қатысы бар Компанияға заңнамада және оны қолдану практикасындағы үрдістердегі өзгерістер туралы ақпаратты, сондай-ақ GRATA International көзқарасы бойынша компаниялар үшін қызықты болуы мүмкін құқық саласындағы ақпараттық және/немесе талдамалық сипаттағы мақалаларды, шолуларды және басқа да материалдарды ұсыну;

Субъектілерге қатысы бар Компанияға GRATA International қызметіне қатысты өзге де ақпаратты, сондай-ақ GRATA International көзқарасы бойынша Компания үшін қызықты болуы мүмкін кез-келген басқа да ақпаратты беру;

Компанияға немесе оған қатысы бар Субъектілерге қызмет көрсету;

Компания (оған қатысы бар Субъект) мен GRATA International арасында Қатысушының Компанияға (оған қатысы бар Субъектілерге) көрсететін қызметтеріне байланысты келіссөздер жүргізу;

Компания Қатысушысы және/немесе оған қатысы бар Субъектілер көрсететін қызметтердің сапасын жақсарту;

Қолданылатын құқықта белгіленген мақсаттар үшін, атап айтқанда, егер дербес деректерді жинау және өңдеу Қолданылатын құқықта көзделген Қатысушының міндеттерін орындауы, құқық қорғау органдарының, соттардың қызметін және атқарушылық іс жүргізуді жүзеге асыруы үшін, оның ішінде Қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауы үшін қажет болса.

Дербес деректерді жинау

GRATA International келесі іс-әрекеттерді жүзеге асыру кезінде веб-сайттан дербес деректер жинауды жүзеге асырады:

Жаңалықтар немесе маркетинг таратылымын алуға жазылуды ресімдеу;

GRATA International қызметтері мен өнімдері туралы сұрауларды жүзеге асыру;

GRATA International командасына немесе қауымдастығына қосылу үшін сұрау жолдау;

Кез келген браузерде немесе құрылғыда cookie файлдарын және ақпаратты жинау мен қадағалаудың басқа да технологияларын пайдалана отырып, веб-сайтпен өзара іс-қимыл жасау және онымен жұмыс істеу;

Веб-сайтта GRATA International ұсынатын қызметтерді пайдалану.

Дербес деректерді жинау Құпиялылық саясатында көзделген көздерден жүзеге асырылады.

Дербес деректерді субъектінің келісімінсіз жинау және өңдеу

GRATA International қажет болған жағдайда дербес деректерді жинау мен өңдеуді субъектінің келісімінсіз жүзеге асырады:

Субъект пен Қатысушы арасында жасалған келісімшартты орындау үшін немесе Қатысушы Субъектінің сұрауы бойынша келісімшарт жасасу үшін қажетті шараларды қолданған болса;

Қатысушы заңнамада көзделген өз міндеттерін орындауы үшін;

Субъектінің немесе басқа жеке тұлғаның маңызды мүдделерін қорғау үшін;

GRATA International немесе басқа тұлғаның құқықтарын немесе заңды мүдделерін, соның ішінде құқық қорғау органдарының, соттардың және сот орындаушыларының көмегімен қорғау үшін;

қолданылатын құқықта белгіленген өзге де жағдайларда.

Субъектінің келісімінсіз дербес деректерді жинау мен өңдеуге Қолданылатын құқықта жол берілген жағдайларда, Субъект нақты жағдайда туындаған негіздерге сілтеме жасай отырып, GRATA International оларды қорғау үшін жинау мен өңдеуді жүзеге асыратын мүдделердің заңдылығын көрсетпегенше, кез-келген уақытта бұлай жинау мен өңдеуді тоқтата тұруды талап етуге құқылы. Дербес деректерді жинау мен өңдеуде автоматтандыру құралдарын пайдалануға жол беріледі.

Дербес деректерді беру

GRATA International дербес деректерді алушылардың келесі санаттарына бере алады:

GRATA International қауымдастығының барлық Қатысушыларына. Әрбір Қатысушы дербес деректерді, егер осы Құпиялылық саясатында көзделген мақсаттар үшін қажет болатын болса, Субъектілерге заңды және өзге де қызметтерді көрсету үшін басқа Қатысушыларға бере алады;

Біздің атымыздан және Құпиялылық саясатында қарастырылған мақсаттарға жету үшін біздің нұсқауларымызға сәйкес функцияларды орындайтын GRATA International үшін қызмет көрсетушілер мен Процессорларға;

Қосалқы мердігерлерге және бөгде консультанттарға заң қызметтерін немесе қызметтердің кез келген басқа түрлерін алу мақсатында;

Құқық қорғау және реттеуші органдарға.

GRATA International сіздің дербес деректеріңізді келесі шарттар сақталған жағдайда ғана береді:

Сіздің келісіміңіз немесе дербес деректерді беруге кез келген басқа заңды және заңдастырылған негіз болған кезде;

Дербес деректерді алатын адам дербес деректерді қорғаудың және қауіпсіздігінің тиісті деңгейін қамтамасыз ететін жағдайда;

Деректерді беру GDPR талаптарына, дербес деректер жіберілетін және қабылдап алатын юрисдикцияның қолданылатын құқығына, сондай-ақ дербес деректерді беру кезінде қолданылуы мүмкін басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келген кезде.

Біз дербес деректерді сондай-ақ өзіміздің заңды құқықтарымызды, меншігімізді немесе қауіпсіздігімізді немесе басқа тұлғалардың құқықтарын, меншігін немесе қауіпсіздігін анықтау немесе қорғау үшін береміз. Егер сіздің дербес деректеріңізді қалай беретініміз туралы қандай да бір сұрақтарыңыз болса немесе GRATA International дербес деректерді бере алатын сізді қызықтыратын мемлекетте нормативтік құқықтық актілердің, корпоративтік ережелердің және дербес деректерді қорғау жөніндегі өзге де актілердің көшірмелерін сұрағыңыз келсе, онда сіз келесі адрес бойынша жүгіне аласыз: info@gratanet.com.

Дербес деректерді трансшекаралық беру

GRATA International келесі жағдайларда дербес деректерді соттың немесе төрелік органның шешімі бойынша, сондай-ақ үшінші елдің әкімшілік органының және/немесе халықаралық ұйымның кез-келген шешімі бойынша басқа мемлекеттердің аумағына бере алады: егер (1) мұндай шешім Қатысушының қолданыстағы құқық нормаларына, оның ішінде қолданылатын халықаралық келісімдерге сәйкес орындауы үшін міндетті болса немесе (2) мұндай деректерді беруге қолданылатын құқықта жол берілген және оның талаптары сақталып, жүзеге асырылатын болса.

GRATA International осы Құпиялылық саясатында қарастырылған мақсаттар үшін, сондай-ақ келесі жағдайларда дербес деректерді трансшекаралық беруді жүзеге асыра алады:

егер дербес деректерді беру Субъектінің сұрауы бойынша шартты немесе шарт жасасу алдындағы іс-шараларды орындау үшін, сондай-ақ шарт жасасу немесе Субъектінің мүддесі үшін жасалған шартты орындау үшін талап етілсе;

егер дербес деректерді беру талап қою немесе Субъектінің мүддесі үшін қойылған талаптар мен талап арыздар бойынша қорғану үшін талап етілсе;

Егер беру Субъектінің өмірлік мүдделерін қорғау үшін талап етілсе, егер Субъект физикалық немесе заңды түрде өз келісімін бере алмаса;

дербес деректерді беру шектеусіз адамдар тобына ақпарат беруге арналған Еуропалық Одақтың ашық тізілімінен алу арқылы, бірақ Еуропалық Одақтың құқығында белгіленген шарттар сақталған жағдайда ғана жүзеге асырылады.

GRATA International дербес деректерді трансшекаралық беруді өзге мақсаттар үшін және өзге жағдайларда осындай берумен байланысты ықтимал тәуекелдер түсіндірілгеннен кейін Субъектінің келісімімен жүзеге асыра алады.

Дербес деректерді сақтау

GRATA International сіздің дербес деректеріңізді Германияның Фалькенштейн қаласындағы Hetzner Online компаниясының серверлерінде сақтайды. Hentzner Online деректерді қорғау үшін алдыңғы қатарлы қауіпсіздік шараларын қолданады және Ақпараттық қауіпсіздік менеджменті жүйесін (АҚМЖ) құру, дамыту және қолдау үшін ақпараттық қауіпсіздік саласындағы талаптарды белгілейтін ISO/IEC 27001 ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық стандартына сәйкес келеді.

GRATA International веб-сайтқа кірушілердің дербес деректерін соңғы өзара әрекет ету күнінен бастап кемінде үш жыл және GDPR немесе бүкіл әлемдегі ұқсас заңнама бойынша міндеттемелерге сәйкес сақтайды немесе егер нормативтік міндеттемелерімізге немесе реттеуші және құқық қорғау органдарының алдындағы міндеттемелерімізге сәйкес ұзақ сақтау міндеттелген болса, бұдан да ұзағырақ сақтайды.

GRATA International клиенттердің дербес деректерін осы клиентпен соңғы өзара әрекет ету күнінен бастап кемінде алты жыл және GDPR немесе бүкіл әлемдегі ұқсас заңнама бойынша міндеттемелерге сәйкес сақтайды немесе егер нормативтік міндеттемелерімізге немесе реттеуші және құқық қорғау органдарының алдындағы міндеттемелерімізге сәйкес ұзақ сақтау міндеттелген болса, бұдан да ұзағырақ сақтайды.

Жоғарыда көрсетілген уақыт кезеңдері өткеннен кейін GRATA International сіздің дербес деректеріңізді жояды.

Кәмелетке толмағандардың дербес деректерін қорғау саясаты

GRATA International құрамына кіретін Қатысушылардың сервистері мен қызметтерін пайдаланған кезде сіз 16 жасқа толғаныңызды растауға тиістісіз.

Біз балалардың жеке өміріне қол сұқпаймыз және ата-аналарының немесе қамқоршыларының келісімінсіз 16 жасқа толмаған балалардың жеке ақпаратын жинамаймыз, пайдаланбаймыз және жария етпейміз.

Егер бізге GRATA International ұсынған немесе жинаған ақпарат ата-анасының бірінен немесе қамқоршысынан алдын ала келісім алынбаған балалардың жеке ақпараты болып табылатыны белгілі болса, біз мұндай жеке ақпаратты дереу жою шараларын қолданамыз.

GRATA International өңдеу кезінде қолданылатын құқықтың талаптары бұзылмаған болса, сондай-ақ Субъектінің нұсқауы бойынша жасалған дербес деректерді өңдеу жөніндегі әрекеттердің нәтижесінде келтірілген зиян үшін жауапты болмайды.

Маркетинг

GRATA International сізге маркетингтік хабарламалар мен біздің өнімдеріміз, қызметтеріміз және, біздің ойымызша, сізге ұнауы мүмкін сервистер туралы ақпарат жібергісі келеді. Егер сіз маркетингтік таратылым және ақпаратты алуға келісім берген болсаңыз, кез-келген уақытта қалауыңызды өзгерте аласыз, сондай-ақ олардан бас тарта аласыз және (немесе) жазылым күшін жоя аласыз.

Сіз кез-келген уақытта GRATA International компаниясына маркетингтік мақсатта сізбен байланысуға немесе сіздің дербес деректеріңізді GRATA International басқа қатысушыларына маркетинг мақсатында беруге тыйым салуға құқылысыз. Егер бұдан былай маркетингтік хабарламаларды алғыңыз келмесе, мына адреске хабарласыңыз: marketing@gratanet.com.

Дербес деректер субъектісінің құқықтары

GRATA International сіздің дербес деректерді қорғауға қатысты барлық құқықтардан толық хабардар екеніңізге және оларды пайдалана алатыныңызға көз жеткізгісі келеді. Әрбір Дербес деректер субъектісі мынадай құқықтарға ие:

Қол жеткізу құқығы. Субъект осы Құпиялылық саясатына сәйкес GRATA International өңдейтін өзінің дербес деректерінің көшірмелерін сұратуға құқылы. Мұндай жағдайда, егер Дербес деректер субъектісі өзгеше талап етпесе, дербес деректер жалпы қабылданған электрондық форматта беріледі. Субъектінің дербес деректердің көшірмесін беру туралы бұдан кейінгі сұраулары үшін GRATA International әкімшілік шығыстар негізінде ақылға қонымды ақы талап етуі мүмкін.

Түзеттіру құқығы. Субъект GRATA International-дан Субъектіге қатысты нақты емес дербес деректерді негізделмеген кідіріссіз немесе Субъект туралы толық емес дербес деректерді өңдеу, толықтыру мақсаттарын ескере отырып, оның ішінде бұл туралы қосымша өтініш беру арқылы түзетуді талап етуге құқылы.

Жойғызу құқығы. Субъект GRATA International-дан Субъектіге қатысты дербес деректерді негізделмеген кідіріссіз жоюды талап етуге құқылы. GRATA International өз кезегінде GRATA International дербес деректерді заңды міндеттемелерін орындау үшін немесе сот қуынымдары бойынша ұсыну, орындау немесе қорғану үшін сақтауға міндетті жағдайларды қоспағанда, дербес деректерді негізделмеген кідіріссіз жоюға міндеттенеді.

Өңдеуді шектеу құқығы. Субъект төмендегі жағдайларда GRATA International-дан Субъектіге қатысты дербес деректерді өңдеуді шектеуді талап етуге құқылы:

Субъект GRATA International компаниясына дербес деректердің дәлдігін тексеруге мүмкіндік беретін мерзім ішінде дербес деректердің дәлдігіне дау айтатын болса;

Дербес деректерді өңдеу заңсыз болып табылған жағдайда, бұл ретте Субъект дербес деректерді жоюға қарсы болады және дербес деректердің пайдаланылуын шектеуді талап етеді;

GRATA International дербес деректерді өңдеу мақсаттарына қол жеткізген және олар енді талап етілмейтін болса, алайда олар Дербес деректер субъектісіне сот қуынымдары бойынша ұсыну, орындау немесе қорғану үшін қажет болса;

Дербес деректер субъектісі бақылаушының заңды негіздері деректер субъектісінің заңды негіздерінен гөрі маңызды екендігі тексерілгенге дейін өңдеуге қарсылық білдірді.

Деректердің тасымалдану құқығы. Субъект GRATA International-дан субъектіге қатысты дербес деректерді құрылымдалған, әмбебап және машинамен оқылатын форматта беруін талап етуге және аталған дербес деректерді басқа бақылаушыға беруге құқылы, бұл ретте GRATA International келесі жағдайларда мұндай беруге кедергі келтірмейді:

Өңдеу келісімге немесе шартқа негізделген болса;

Өңдеу автоматтандырылған құралдар көмегімен жүзеге асырылатын болса.

Өңдеуге қарсылық білдіру құқығы. Субъект жеке себептеріне сүйене отырып, GRATA International компаниясының өз дербес деректерін төмендегі негіздермен өңдеуіне кез-келген уақытта қарсы болуға құқылы:

өңдеу қоғам мүддесіндегі тапсырмаларды орындауға немесе GRATA International заңды түрде берген ресми өкілеттіктерді жүзеге асыру кезінде қажет болса;

өңдеу GRATA International немесе үшінші тұлғаның заңды мүдделерін сақтау үшін қажет болса, егер дербес деректерді қорғауды талап ететін дербес деректер субъектісінің мүдделері немесе негізгі құқықтары мен бостандықтары осындай мүдделерге қарағанда аса маңызды болып табылса, әсіресе дербес деректер субъектісі бала болып табылса;

жоғарыда көрсетілген ережелер негізінде бейінделген болса.

GRATA International дербес деректер субъектісінің мүдделерінен, құқықтарынан және бостандықтарынан аса маңызды болып табылатын немесе сотқа талап арыз қою, орындау немесе қорғау үшін сенімді заңды өңдеу негіздерін көрсеткен жағдайларды қоспағанда, GRATA International дербес деректерді өңдеуді жалғастырмайды.

Шағымдану құқығы. Субъект GRATA International іс-әрекетіне немесе әрекетсіздігіне қолданыстағы құқықта белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдарға, оның ішінде Еуропалық одақ мемлекетінің аумағында құрылған Қадағалау органына, егер бұған қолданылатын құқықпен жол берілсе, шағым жасауға құқылы.

Келісімді кері қайтарып алу. Егер Субъект өзінің дербес деректерін өңдеуге өз келісімін берсе, Субъект кез-келген уақытта өз келісімін тегін қайтарып алуға құқылы. Бұл Субъект бізден маркетингтік хабарламалар алудан бас тартқысы келетін жағдайларға қатысты.

Егер сіз сұрау салсаңыз, сізге бір ай ішінде жауап беретін боламыз. Егер сіз осы құқықтардың кез-келгенін пайдаланғыңыз келсе, бізбен info@gratanet.com электрондық поштасы арқылы хабарласыңыз.

Басқа веб-сайттардың құпиялылық саясаты

Осы Құпиялылық саясаты тек www.gratanet.com веб-сайтына қолданылады. Веб-сайтта үшінші тұлғалардың бөгде веб-сайттарына сілтемелер болуы мүмкін, егер сіз осы сілтемелер бойынша өтетін болсаңыз, сізге осы веб-сайттардың Құпиялылық саясатымен танысу қажет болады. GRATA International бөгде веб-сайттардағы интернет белсенділікті қадағалау технологияларын қолдануға жауапты емес.

Кері байланыс

Құпиялылық саясатына қатысты барлық мәселелер бойынша келесі байланыс деректері арқылы хабарласуға болады: info@gratanet.com, it@gratanet.com.

Құпиялылық саясатына өзгерістер енгізу

Осы Құпиялылық саясаты www.gratanet.com веб-сайтында ресми жарияланған сәттен бастап әрекет етеді. Жарияланған сәттен бастап Құпиялылық саясатының барлық алдыңғы нұсқалары автоматты түрде жарамсыз болып қалады. Осы Құпиялылық саясатына енгізілген кез-келген өзгерістер www.gratanet.com веб-сайтында жарияланып, қолжетімді болады.

Соңғы жаңартылған уақыты: Сәуір 2020 ж.

Cookie файлдарын пайдалану саясаты

Cookie файлдарын пайдалану саясатының мақсаты мен арналымы

Осы cookie файлдарын пайдалану саясаты www.gratanet.com веб-сайтымен өзара іс-қимылдың кез- келген нысандарын жүзеге асыру кезінде GRATA International cookie технологиясын және ақпаратты жинау мен қадағалаудың басқа да технологияларына қатысты көзқарасын түсіндіру мақсатында әзірленді.

Cookie файлдарын пайдаланудың осы саясаты сізге cookie технологиясын түсінуге және GRATA International осы технологияны www.gratanet.com веб-сайтын пайдалану кезінде ең үздік тәжірибені ұсыну үшін қалай пайдаланатынын түсіну үшін көмектесуге арналған.

Cookie файлдары

Cookie файлдары - бұл веб-сайттан жіберілетін және пайдаланушының веб-браузер құрылғысында сақталатын, веб-сайтты пайдалану кезінде пайдаланушының ақпаратын, қалауларын және баптауларын есте сақтау үшін пайдаланылатын деректердің шағын үзінділері. Cookie технологиясы веб-сайтпен жұмыс істеу және оның барлық функциялары мен элементтерін пайдалану кезінде жеке тәжірибені жақсарту және ыңғайлылықты арттыру үшін қолданылады. Cookie технологиясы туралы толығырақ ақпаратты www.allaboutcookies.org веб-сайтйынан табуға болады.

Сондай-ақ GRATA International веб-сайтында (www.gratanet.com) Google Analytics, тег, сценарий және пиксель сияқты ақпаратты жинау мен бақылаудың басқа да технологиялары қолданылады. Cookie файлдары мен жоғарыда аталған технологияларды пайдалану GRATA International веб-сайтындағы (www.gratanet.com) онлайн-нысан арқылы келісім берген жағдайда жүзеге асырылады. Сіздің дербес деректеріңіздің қалай жиналып, өңделіп, сақталатыны және пайдаланылатыны туралы көбірек білу үшін біздің веб-сайттың Құпиялылық саясатымен танысуыңызды сұраймыз.

Cookie файлдарын пайдалану мақсаты

GRATA International cookie технологиясын және басқа да ұқсас технологияларды келесі мақсаттарда қолданады:

Веб-сайт бойынша навигацияны қамтамасыз ету үшін;

Веб-сайтты пайдалану туралы жиынтық статистиканы құру үшін;

Контентті басқалармен бөлісу мүмкіндігі үшін;

Веб-сайтты және цифрлық қызметтерді пайдалану тәжірибесін жақсарту үшін;

Веб-сайттағы қызметтер, сервистер мен өнімдер сапасын жақсарту мақсатында деректерді талдау және зерттеу үшін;

Ыңғайлылықты арттыру және веб-сайтты пайдалану тәжірибесін жақсарту мақсатында жеке баптаулар мен дербес артықшылықтарды сақтау үшін;

Веб-сайттың қолданысы  мен оңтайлылығын қамтамасыз етуде қателерді басқару және кемшіліктерді жою үшін.

Cookie файлдарының түрлері

GRATA International веб-сайт жұмысында cookie файлдарының келесі түрлерін пайдаланады:

Дербес ақпаратты, жеке баптаулар мен пайдаланушылардың қалауларын есте сақтау үшін, жеке тәжірибені жақсарту, сапаны арттыру және веб-сайтпен жұмысты жеңілдету үшін пайдаланылатын функционалдық cookie файлдары;

Пайдаланушыларға дербестендірілген жарнама жіберуге арналған таргетинг мақсатында веб-сайтқа кіруі, қызығушылықтары, қаралған контент, ашылған сілтемелер туралы ақпарат жинау үшін пайдаланылатын сookie жарнамалық файлдары;

Біздің қызметтер, өнімдер мен сервистеріміздің сапасын жақсарту үшін пайдаланушылар санын анықтау және есептеу, веб-сайтты пайдалану туралы статистиканы жинау үшін пайдаланылатын талдау және жұмысқа арналған сookie файлдары;

Сайтқа кірген кезде уақытша пайдаланылатын және браузерді жапқан және сайтпен жұмыс аяқталған кезде жойылатын сookie сеанстық файлдары.

Cookie файлдарын басқару

Сіз cookie файлдарын жіберуді ұсынылатын "бас тарту" нысаны арқылы немесе браузеріңіздің баптаулары арқылы өшіре аласыз:

Firefox: куки файлдарының баптаулары

Chrome: куки файлдарының баптаулары

Internet Explorer: куки файлдарының баптаулары

Safari: куки файлдарының баптаулары

Cookie файлдарын өшірген кезде веб-сайт дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін!

Google Analytics

Біз веб-сайтты пайдалану туралы статистикалық деректер жинау үшін Google Analytics веб-талдама сервисін пайдаланамыз. Бұл сервис сіздің орналасқан жеріңіз, IP-мекенжайыңыз, құрылғы, браузер туралы ақпарат, сондай-ақ сіздің веб-сайтпен өзара іс-қимылыңыз туралы ақпаратты жинау үшін cookie файлдарын пайдаланады.

Бұл ақпарат Сіздің қызығушылықтарыңыз бен қалауыңызға қарай барынша үйлесімділікті қамтамасыз етуге, веб-сайтты қараулар санын және оның беттерін қарау статистикасын талдауға көмектеседі; Жиналған барлық ақпарат тек веб-сайттың қолайлылығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ контент ұсыну тәсілдерін жақсартуға бағытталған.

Браузерге арналған кеңейтілімді орнату арқылы Google Analytics үшін деректерді қадағалау рұқсатын өшіруге болады. Google Құпиялылық саясаты туралы қосымша ақпарат алу үшін Google құпиялылық және шарттар веб-парақшасына кіріңіз.

Кері байланыс

Құпиялылық саясатына қатысты барлық мәселелер бойынша келесі байланыс деректері арқылы хабарласуға болады: info@gratanet.com, it@gratanet.com.

Cookie файлдарын пайдалану саясатына өзгерістер енгізу

Осы cookie файлдарын пайдалану саясаты www.gratanet.com веб-сайтында ресми жарияланған сәттен бастап әрекет етеді. Жарияланған сәттен бастап Сookie файлдарын пайдалану саясатының барлық алдыңғы нұсқалары автоматты түрде жарамсыз болып қалады. Осы Сookie файлдарын пайдалану саясатындағы кез-келген өзгерістер www.gratanet.com веб-сайтында жарияланып, қолжетімді болатын болады.

Соңғы жаңартылған уақыты: Сәуір 2020 ж.